Шымкенттегі орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі «Halifa-Al Nahaian Аqmeshit» орталық мешітінде «Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен» атты қайырымдылық шарасы өтті. Жиын аясында қала мешіттері мен медреселерге 1000 дана қасиетті Құран кәрім кітабы тегін үлестірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында бас имамның орынбасары Ахметжан қажы Керімбек пен Кувейт мемлекеті «Дүниежүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Ясир Мухаммад Али сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа ықылас пейілін білдірді. Өз кезегінде мешіт қызметкерлері рақымшылық танытып, жақсы амалдар атқарудың сауабы да салмақты екендігін айтты. Аталған шараға қаржылай қолдау білдірген қордың Қазақстандағы өкілдігіне мешіт қызметкерлері алғыс білдірді. Айта кетейік, Құран кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап саналады.

Соңғы жаңалықтар