Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған адамды аман алып қалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы зақымданған адамды аман алып қалды. Елордадан келген 70 жастағы әжей ауыр халде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өкпесі қабынған науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Компьютерлік томография нәтижесінде кейуананың өкпесінің 90 пайызы қабынғаны анықталған. Бұған қоса науқастың дене қызуы көтеріліп кеткен. Білікті мамандар жүргізген емнің нәтижесінде егде жастағы астаналық тұрғынның денсаулығы жақсарып, ауруханадан шықты.
«Көрсетілген емдік шаралардан кейін науқастың дене қызуы түсті. Денсаулық жағдайының динамикасы түзеліп, анализдері бір қалыпқа келді. Тыныс алуы да жақсарды», – дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығының дәрігер-реаниматологы Еркінбек Нұртаев.
- Ертең Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңі басталады
- КВИ: Қазақстанда 6 млн адамды вакциналауға қандай екпелер қолданылады
- COVID-19 бойынша медициналық ұйымдардың дайындығын бағалау жүргізіледі - Марат Шоранов
- Министрлік Наурыз мейрамында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырмауға шақырды
-
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны белгілі болды
-
Ресейлік «Спутник V» вакцинасының құны арзандай ма
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам