Шымкенттік құтқарушылар Тәуелсіздік күнін атап өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға департаменттің басшылығы мен жеке құрамы, жас қызметкерлердің ата-аналары мен ардагерлер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік жиынға қатысушыларды департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов құттықтады. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерін атап өтіп, еліміздің даушы мемлекет болып қалыптасқандығын атап өтті.

Салтанатты шарада төтенше жағдайлар департаментінде жылдар бойы қызмет етіп, қазіргі таңда құрметті ардагер атағына ие болған зейнеткерлерді Ардагерлер кеңесінің төрағасы В.Витков құттықтап, марапаттады. Сондай-ақ, департаментте дәстүрге айналған рәсімдердің бірі ерекше көзге түскен жас қызметкерлердің ата-аналары марапатталды. Білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісіне айрықша мән бере отырып, департаментте жылдың басында «Жастар жылы – белсенділер жылы» жарияланған болатын. Осы акцияның жеңімпаздары әрі азаматтық қорғау саласында өзіндік үлес қосып келген мамандар мереке қарсаңында марапатталды.

Ішкі істер министрлігі мен ТЖ комитеті басшыларының атынан оларға медальдар мен төсбелгілер, мадақтау грамоталары табысталды.

Салтанатты іс-шараның соңында Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның шығармашылық ұжымы концерттік бағдарлама ұсынды.

Соңғы жаңалықтар