Шымкенттік оқушылар ІV тоқсанды аралас форматта оқитын болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік оқушылар ІV тоқсанды аралас форматта оқитын болды. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар саны 25 адамнан асырылмайтынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде сабақ өте бастаған. Ал, білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

«Білім беру нысандары «InfoKazakhstan.kz» порталына тіркеліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының талаптарын сақтаған кезде білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру қызметіне рұқсат беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ», - деді сала басшысы.

Ал, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты жағдайда ұйымдастырылады. Колледждердің 1 курс студенттері екінші семестрде штаттық режимде оқитын болды.


Соңғы жаңалықтар