Шымкенттік полицейлер мереке күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік полицейлер мерекелік демалыс күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, халық көп шоғырланатын орындардарға қоғамдық тәртіпті сақтауға қосымша автопатрульдер және жаяу жасақтар жұмылдырылған. Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қауіпсіздікті қадағалауға патрульдік полиция полкінің 404 қызметкері тартылады.
Қала аумағында орналасқан барлық дәмханалар мен мейрамханаларда және басқада ойын-сауық орындарының аумақтарында қоғамдық тәртіпті жалпы 328 учаскелік полиция инспекторы қадағалайды.
Сонымен қатар 6506 әскери бөлімінің 231 сарбазы жаяу патрульдеуде қызмет атқарады. Кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі 110 полиция инспекторы түнгі мезгілде жасөспірімдердің ата-анасынсыз үйінен тыс жерде жүруге тыйым салу мақсатында үнемі рейдтік шаралар жүргізуде.
Департаментке қарасты барлық басқармаларында қосымша жедел-тергеу топтары құрылған. Құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел қызмет атқару үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу жасақтарының саны артады. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.
- Қарағанды облысының автожолдарында 60-тан астам адам құтқарылды
- Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды
- Жамбылдық полицейлер мүмкіндігі шектеулі шетелдікке көмектесті
- Алматыда алаяқ әйел бірнеше сатушыны сан соқтырған
-
Боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген қостанайлық полицей марапатталды
-
Цифрлық технологиялар полиция қызметінің барлық саласында қолданылатын болады – министр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам