Шымкенттік жастар қала тазалаушыларға таңғы ас үлестірді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентік ерікті жастар қала тазалығына үлес қосып жүрген коммуналдық мекеме қызметкерлеріне таңғы ас үлестірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен қала аумағы тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға қаладағы коммуналдық мекеме қызметкерлері тартылған. Күннің суығына қарамастан таңертеңмен тазалау жұмыстарын жүргізетін жандарға ерікті жастар жылулық сыйлады. Тәттілер салынған қобдишадағы таңғы асты таратып, алғысын алды. Қайырымдылық шараға «Aizhamal tattileri» дүкендер желісі демеушілік жасады. Облыстық жастар орталығы ұйымдастырған акцияға жастар белсенді түрде қатысты.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері, кәсіпкер Байкен Әшірбаев пен Мұрат Жолдыхожаев тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 200 азаматтан тұратын еріктілер тобын құруға үлестерін қосты. Олар қаланың тыныштығын күзетіп тұрған әскерилер пен полиция қызметкерлеріне көмектесіп жүр.

Ал, «Жас толқын» бастауш партия ұйымының төрайымы Наргиза Керимбаева ыстық тамақ пен қажетті заттарды жеткізуде.

Жоғары оқу орындарының ұжымдары мен студенттері төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен науқастар үшін қан тапсырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар