Шынжаңда күйшілердің шығармашылық байқауы өтеді - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Қытайда «Шынжаң қазақ мәдениет қоғамы» қазіргі заман күйшілерінің шығармашылық байқауын өткізбек, деп жазады Қытайлық kazakcnr.com сайты.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, дәстүрлі өнерімізді ұлықтаған байқау Шынжаң қазақ мәдениет қоғамының WeChat желісіндегі «Жеті бояу» атты парақшада онлайын форматта өтеді.

«Байқау шарттары бойынша, конкурсқа 2001 жылдан бергі уақытта жарыққа шыққан авторлардың төл туынды күйлері қатыстырылады. Әр қатысушы тек бір ғана туындысын автордың өзінің орындауында немесе басқа адамның орындауымен жіберуіне болады. Сондай-ақ, күйлердің wafe немесе видео нұсқасы мен 5-сызықты нотасы бірге жолданады. Шығарманың атауы, шығу тарихы, бұрын марапатталған жетістігі ескертілу тиіс. Сонымен бірге, туынды авторының аты-жөнін, қысқаша өмірбаянын жазады. Байқауға өтініштер 2021 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады. Ал, байқау өз мәресіне жеткеннен соң үздік туындылар мараппатталып, аталған шараға демеуші болып отырған Бейжіңдегі қазақ радиосының «Ән-домбыра» бағдарламасында сараланған туындылар жарияланып, сарыны бөлек күйлердің шығу тарихы әңгімеленіп, автолармен өткізілген сыр-сұхбаты беріледі. Осылайша бұл туындылар радионың және «Шынжаң қазақ мәдениеті қоғамының» алтын қорында сақталатын болады», - деп жазады CNR.

Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеуханұлы үздік түлектерге стипендия береді - KAZNEWS

Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеуханұлы Моңғолияның ҰБТ(ЭЕШ) сынағынан ең жоғарғы ұпай жинаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөг стипендия ұсынады, деп жазады моңғолиялық Kaznews ақпараттық порталы.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, Моңғолия Парламентінің мүшесі Әубәкір Тілеуханұлының бастамасымен Баян-Өлгей аймағының жалпы білім беретін мектептердің 12 сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына онлайн дайындығын жақсарту үшін ELAB Education Academy орталығының көмегіне жүгінген.

«Биыл аймағымызда 12 сыныпты 1680 оқушы бітіреді. Ковид-19 пандемиясына байланысты ҰБТ -ға арналған оқытулар шектеулі болып тұрғаны белгілі. Бұл жоба арқылы қашықтықтан Моңғолияның үздік 150 -ге жуық ұстазынан тәлім алуға болады. Бұл оқу үрдісі маусымның 28 күніне дейін жалғасады. Осы барыста математика, монгол тілі, физика, химия, қоғамтану, ағылшын тілі пәндерінен дайындық жұмысы жүргізіледі. Сондай ақ, Әубәкір Тілеуханұлы 12 сыныпты табысты аяқтап, моңғолияның ҰБТ(ЭЕШ) сынағынан жоғарғы ұпай жинап, аймақта көшбастаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөгтен сптипендия, үздік 6 ұстазға ноутбук беретінін хабарлады. Депутат алдағы уақытта білім саласы, соның ішінде Баян-Өлгей аймағының білім сапасын жақсарту, ұстаздардың біліктілігін арттыру қатарлы шаруаларға ат салысатынын мәлімдеді», - деп жазады Kaznews порталы.


Наурыз мейрамына орай қазақтілді радиолардың онлайн басқосуы өтті - Фарс

17 наурызда Қазақ радиосының ұйымдастыруымен өткен қазақтілді радиолардың онлайн жиналысына Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Кавказ және Орта Азия департаментінің басшысы Борхан Хешмати және Pars Today Kazakh сайты өкілі қатысты, деп хабарлайды Иранның Parstoday ақпарат агенттігі.

Аталған БАҚ-тың жазуынша, оналайын жүздесу наурыз мейрамына орай Қазақстан, Иран, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің Татарстан автономды республикасындағы қазақтілді радиолардың қатысуымен өткен.

Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Кавказ және Орта Азия департаментінің басшысы Борхан Хешмати осы басқосуда Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойымен құттықтаған.

«Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойының Наурызбен тұспа-тұс келуін жақсы ырымға балаймыз. Осы іс-шараның арқасында Қазақстан ұлттық радиосы мен Иранның Қазақ радиосы және Pars Today Kazakh сайты арасында байланыс орнап, сындарлы әріптестікке қолайлы жағдай жасалып, Қазақстан ұлттық радиосының 100 жылдық мерейтойының біз үшін де, сіздерге де есте қаларлық оқиғаға айналатынына үміттенеміз», -дейді Борхан Хешмати.

Сондай-ақ, Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Қазақ радиосының дикторы әрі аудармашысы Гаухар Омархановада осы жиналыста өз пікірімен бөліскен.

«Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының Қазақ радиосы 1995 жылы құрылған. Қазақстанмен қоса, Өзбекстан және Қырғызстанды қамтитын радио Иран мен әлемнің жаңалықтары, сараптама, саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік және діни-танымдық тақырыптардағы бағдарламаларды күнде 30 минут сағат 17:20-17:50 аралығында таратады. 30 минуттық эфир күніне бір рет қайталанып отырады. Қазақ радиосының көрнекті бағдарламалары қатарында «Нұрлы жол», «Иранның танымал тұлғалары», «Батыстың өмір салты», «Имам Хомейни мектебінде», «Иранның туристік тартымдылықтары», «Парсы тілін үйренейік» бағдарламалары бар. Сондай-ақ айтулы күндер мен діни мерекелерге орай дайындалатын арнайы бағдарламалар да тыңдармандардың ерекше қолдауына ие», - деп жазады Parstoday агенттігі.

Моңғолиядағы ҚР-ның Елшісі Наурыз мерекесіне орай құттықтау жолдады - KAZNEWS

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев қазақ халқын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп жазады моңғолиялық Kaznews ақпараттық порталы.

«Құрметті қандастар! Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Біздің халқымыз үшін қасиетті Наурыз мейрамы күн мен түннің теңеліп, табиғаттың қайта жаңғыратын ерекше сәтінде қазақ халқының ұлылығын дәріптей түсетін Ұлыстың ұлы күні!

Бұл күні Әз Наурыз мейрамы тойланып, шығыс халықтарының Жаңа жылы басталады. Ата-бабаларымыз айтпақшы, бұл – ақ түйенің қарны жарылған күн, ырысты, ынтымақты ұлы той күні.

Біздің бұл мерекеміз – қазақ халқының тарихындағы үлкен мереке болып табылады. Ұлтымыздың тарихында ғасырлар бойы тойланып, жылдан-жылға жалғасып келе жатқан Наурыз мейрамы әр адамның жаңа бастамасының жүзеге асуына үміт пен сенім ұялатады. Әлем тарихында көп мемлекеттер бұл күнді жаңа жыл деп санайды. «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!» деп тілек білдіретін достық пен ынтымақ мерекесі көшбасшылық мерейімізді асқақтата түссін. Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!» – деді ҚР-ның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, екі ел арасында 1992 жылдың 22 қаңтарынан бастап дипломатиялық қарым қатынас орнатылып, 1997 жылдың мамыр айында Улаанбаатарда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылды. 2007 жылдың қаңтарында Дипломатиялық миссия Елшілік болып ауысты. Ал, 1992 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында Моңғолияның Елшілігі ашылған.

Түрік компаниясы Петропавлда аурухана салып жатыр - TRT

Солтүстік Қазақстанның Петропавл қаласында түрік компаниясы халықаралық стандарттарға сай аурухана салып жатыр, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Облыс әкімі Құмар Ақсакалов осы жобаның аймақ үшін маңызды екенін атап көрсетті. Базаның құрылысының қиын шарттарға қарамастан жалғасып жатқанын білдірді. Айырықша жаңа аурухана түрік әріптестермен бірге басқарылады. Облыс дәрігерлері биылдан бастап Түркияда оқу-дайындығынан өтеді. 90 мың шаршы метрге салынатын аурухана жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталады. Аурухана құрылысы екі жыл бойы 500 адамды жұмыспен қамтиды. Құрылыс 2023 жылы аяқталады», - деп жазады TRT.


Ташкенттен Алматыға күн сайын рейстер жүзеге асырылады - «ӨзА» ақпараттық агенттігі

«Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Алматыға тұрақты рейстер санын көбейтеді. 2021 жылдың 28 наурызынан бастап Ташкенттен Қазақстанның Алматы қаласына рейстер күн сайын жүзеге асырылатын болады, деп жазады Өзбекстанның «ӨзА » мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

«Бұдан бөлек, Өзбекстан әуе нарығындағы жетекші компания 24, 28 және 31 наурызда Ташкент-Минск-Ташкент қосымша рейстерін жолға қойса, 29 наурыздан бастап Самарқанд-Ыстамбұл бағытында тұрақты рейстер ашылады және 30 наурызда Ташкент-Тбилиси-Ташкент бағытындағы рейстер қалпына келтіретінін хабарлаған», - деп жазады «ӨзА» агенттігі.



Соңғы жаңалықтар