Симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылды – Ажар Ғиният

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және Ашықтағы мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды. Сонымен, жақын байланыста болған және сиптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады», - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке арналған ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин тестті қосымша тапсырусыз 10-шы күні аяқталады.

«Бұл өлшем шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен Ашықтағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты»,- деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар