+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Синхронды жүзуден Қарағанды спортшылары Татарстанда «алтын» алды

2021 жылғы 21 сәуір 20:22
Бөлісіңіз:
Синхронды жүзуден Қарағанды спортшылары Татарстанда «алтын» алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының синхроншылары әртістік жүзуден әлемдік серияның үшінші кезеңі өткен Татарстанның Қазан қаласында үздік нәтижелер көрсетті. Жарысқа 12 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көлік комитеті елордалық автобустардағы SMS-төлемнің алынуына пікір білдірді Жол жүру тарифтері жақын арада көтерілмейді – Автокөлікшілер одағы «Қайрат» ойыншысы соққан гол Чемпиондар Лигасының үздік төрттігіне кірді

Техникалық бағдарламада Каролина Иванова мен Виктор Друзиннің аралас дуэті үшінші орынға ие болды. Екатерина Симонова, Елена Крылова, Наргиз Болатова, Ксения Макарова, Этери Какутиа және Арина Мясниковадан құралған әйелдер командасы қола жүлде жеңіп алды. Ал «хайлайт» жаңа бағдарламада қыздар сол құраммен «алтын» жеңіп алды.

Барлық спортшылар «Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған жүзу спорт мектебі» КМҚК-ның тәрбиеленушілері, Виктор Друзин – Ә. Молдағұлова атындағы ОМОРМИК оқушысы.

Айта кету керек, «хайлайт» - жаңа дисциплина, 2017 жылы FINA техникалық конгресінің шешімі бойынша әлем чемпионаттарында синхронды жүзуден жарыстар бағдарламасына енгізілген. Шын мәнінде, бұл – су акробатикасы. Алғаш рет хайлайтерлер 1984 жылы көрсетілді, ал Еуропа кубогы жарыстарына 2012 жылдан бастап қосылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT