СҚО ауылында заңсыз жұмыс істеп келген дәріхана әшкере болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті карантин жағдайында дәрі-дәрмекті көтеріңкі бағада, сәйкестік сертификатынсыз сатқандарды анықтау үшін рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрі-дәрмекті алып-сатудың жолын кесу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мен СҚО полиция қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында облыстың бір ауылында орналасқан заңсыз дәріхананың қызметі тоқтатылды.

Дәріхана пункті азық-түлік дүкенінде міндетті лицензиясыз жұмыс істеп, бірқатар дәрі-дәрмекті сәйкестік сертификатынсыз сатып келген.

Алдын ала есеп бойынша, шамамен 1 миллион теңгеден астам сомаға 438 дәрі-дәрмек тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар