СҚО автожолында Түркия азаматтары жолда қалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жолда қалған Түркия азаматтарына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би ауылына 5 шақырымдай жерде Түркияның екі азаматына көмекке келді. Жасымық артқан екі жүк көліктің бірінің жағармайы қатып қалған.

Шетелдіктердің жолда тұрғанын сол маңда жүрген патрульдік полицияға өтіп бара жатқан жүргізушілердің бірі хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден көмекке келіп, қажетті іс-шараларды қолға алды. Жүргізушілер жақын маңдағы дәмханалардың бірінде жылынғанша, полицейлер көліктерді күзетіп, жүргізбек болды. Алайда, қатып қалған машина трассада от алмай, оны Тоқсан би елді мекеніндегі боксқа сүйреп жеткізуге тура келді.

«Жүк көлігіне жедел жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның өзіне екі күн уақыт кетті. Жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсету біздің жұмыстағы басым бағыттардың бірі. Бұл, әсіресе ызғарлы климатты Солтүстік Қазақстанда өзекті. ДЭУ-66 басшысы Дмитрий Саблинге және жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы автопарктердің бірінің меңгерушісі Павел Петуховқа көліктерді жөндеуге көмектескендері үшін алғысымды білдіремін. Қысылтаяң уақытта біздің азаматтар қашан да қол ұшын беруге әзір», - деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ППБ комапдирі Ерлан Мәдиев.

Полицейлер Түркия азаматтарының бірінің телефон нөмірін алып, олар Қостанайға аман-есен жеткенше хабарласып отырды.

Соңғы жаңалықтар