СҚО-да 100-ге жуық әже дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан сынға түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-ы Қызылжар ауданы Бескөл елдімекенінде әжелер спартакиадасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сап түзеген зейнеткерлер өз ауылдық округтерінің намысын қорғауға келіпті. 19 команда, 100-ге жуық әже үстел ойындарынан: дойбы, шахмат, тоғызқұмалақтан сынға түсті.

Бескөл ауылының тұрғыны Жанкүміс Аяпованың жасы 59-да. Мектепте қырық жылға жуық орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ардагер ұстаз былтыр зейнет демалысына шыққан екен. Жанкүміс апай бала кезінен шахматқа құмар. Бүгінгі спартакиадаға да спорттың осы түрінен қатысып жатыр.
null

«Шахметпен мен бала кезімнен ойнаймын. Студент, кейін ұстаз болғанда да спорттың осы түрінен үнемі жарыстарға қатысатынмын. Былтыр зейнет демалысына шықтым. Спартакиада өтетінін естігенде шыны керек, қуандым. Өйткені мұндай жиындарды замандас-достарыңды көресің, басқалармен араласасың», - дейді спартакиадаға қатысушы Жанкүміс Аяпова.

Мұндай іс-шара бұған дейін Қарттар күніне орай ұйымдастырылса, биыл спартакиадаға тек қана әжелер қатысып жатыр.

«Осы жалғыз Бескөл селолық округінде ғана екі мыңға жақын зейнеткер тұрады. Мерекені осылайша спорттық шарамен атап өтуді шештік. Барлық ауылдық округтерден 5-6 адамнан қатысып жатыр», - дейді Қызылжар ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманғали Қожахметов.
null

Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында 8,5 мың зейнеткер тұрады. Олардың уақыттарын көңілді, әрі тиімді өткізуі үшін арнайы клубтар, үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, өнерпаз ата-әжелердің басын қосқан «Бескөл нұры» және «Ивушка» атты халықтық екі хор бүгінде көрермендерінің қошеметіне бөленіп жүр.

Соңғы жаңалықтар