СҚО-да 101 жастағы кейуанаға жаңа куәлік үйіне жеткізіліп берді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 30 мыңға жуық тұрғын жеке куәлік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірдің 700-ге жуық азаматына құжат үйлеріне жеткізілген.

«Мүгедек, жүре алмайтын және егде жастағы тұрғындар үйлерінде құжаттандырылды. Облыстың көші-қон қызметінің мамандары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерімен бірге осы санаттағы азаматтарды құжаттандыру үшін қаланы ғана қамтымай, шалғайдағы ауылдық округтерге де шықты», - дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Осындай шалғай елді мекендердің бірі - Уәлиханов ауданындағы Қайрат ауылы. Мамандар 101 жасқа толған Көкіл Жақыповаға құжат тапсыру үшін арнайы келді. Кейуана жеке куәлікті 10 жыл бұрын алған. Бүгінде оның мерзімі аяқталған екен.

Барлығы 2020 жылдың басынан 30 мыңға жуық солтүстікқазақстандық жеке басын куәландыратын құжат алды. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері 9 944 азаматқа жеке куәлік пен паспорт ресімдеген. 600 жуық шетелдік жыл басынан ҚР тұрақты тұруға арналған рұқсат пен ыхтиярхат алған, олардың дені Ресей Федерациясының азаматтары.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, төтенше жағдай кезінде құжат мерзімі өткен азаматтар 10 шілдеге дейін құжаттарын ауыстыру қажет.


Соңғы жаңалықтар