СҚО-да 2,5 мыңға жуық жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырғандар қатары азайды, өткен тәулікте 60 адамнан қауіпті инфекция анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 422 адам ПТР тест тапсырса, соның 60-ында коронавирус анықталды. Жалпы өңірде ауырғандар саны 33 348-ге жетті. Олардың 29 373-і жазылды. Қазір емдеу мекемелерінде 453 адам жатыр. Стационарлардың 27% ғана толы. Тағы да 17 адам карантинде, 37 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр. Өткен тәулікте 2 адам қайтыс болды.

«Бүгінге дейін короновирус өңірде 385 адам қайтыс болды. Стационарларда ем қабылдап жатқандардың 65% - жасы 60-тан асқан егде адамдар. Дерттен көз жұмғандардың 70% де қариялар. Әрі олардың басым бөлігі вакцина алмаған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.

Бүгінге дейін СҚО-да 246 мыңнан астам адам вакцинация курсынан өтті. Ал Pfizer вакцинасын 3 мыңнан астам адам алды, оның 2,5 мыңға жуығы – жасөспірім.


Соңғы жаңалықтар