СҚО-да 2020 жылы әлеуметтік сала шығындары ұлғаяды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2020 жылы әлеуметтік сала шығындары бюджеттің жартысын құрайтын болады, деп хабарлады «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Өткен аптада ғана аймақта келесі жылдың бюджеті бекітілді.

Облыс әкімінің айтуынша, 2020 жылы бекітілген бюджет 242 млрд теңгені құрайды. 2018 жылмен салыстырғанда, бұл сома 80 млрд теңгеге көп. Өткен жылы бекітілген бюджет сомасы 165 млрд теңге болған.

«Тиісінше, бюджеттің кіріс бөлігін, меншікті кірістерді 14% -ға арттыру болжанып отыр. Келесі жылы әлеуметтік блокқа кететін шығындар 2019 жылмен салыстырғанда 27%-ға артады. Әлеуметтік шығындардың үлесі 39%-дан 50%-ға ұлғаяды. Биыл білім саласына 68 миллиард теңге бөлінсе, келесі жылы 100 миллиард теңге бөлінеді. 46%-ға өскен. Сол сияқты мәдениетке жұмсалатын шығындар - 37%-ға, спортқа - 43,6%-ға артады. Мұның бәрі - «Өңірді дамытудың және қолданыстағы саясаттың кешенді жоспары» атты Елбасының тапсырмасы. Әлеуметтік блок шығындары жыл сайын ұлғайып келеді», - деді Қ.Ақсақалов.

Аймақ басшысы келесі жылы педагогтардың еңбек ақысы өседі деп болжануда екенін хабарлады. Оған 14 млрд. теңге бөлінеді.

«Осы аптада аймақтардың бюджеттері бекітіледі. Петропавл қаласының бюджеті келесі аптада бекітілетін болады. Биыл жылды нақтылауға байланысты барлық шығындардың мәліметтер базасына енгізілуі маңызды», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар