+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

СҚО-да 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр

2021 жылғы 8 сәуір 17:37
Бөлісіңіз:
СҚО-да 22 жастағы бойжеткен бес күннен бері табылмай жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен волонтерлер бес күн бұрын үйінен шығып кетіп қайтып оралмаған бойжеткенді таба алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да қарттар үйінің бухгалтері 10 млн артық теңгені жымқырған СҚО-да мас көлік жүргізушісі жол апатын жасады СҚО-да құс фабрикалары жұмыртқа бағасын өзара келісіммен көтерген

Волонтерлердің мәліметі бойынша, Петропавл тұрғыны Елизавета Алимовна Матюхина 22 жаста. 3 сәуір күні сағат 12.00 шамасында тұрғылықты жері - Уәлиханов көшесі, 17 үйден шығып кеткен. Қайда кеткенін ешкімге айтпаған.

Бойжеткеннің бойы 165-167 см шамасында, арықша келген, қой көзді, сарғылт шашты. Алдыңғы екі тісі алға шығыңқырап тұрады.

Сол күні үстінде капюшоны бар қара күртеше, қара-көк шалбар және аяғына галош киген.

Жоғалған адам жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 608 88 49, 8 701 375 92 91, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT