+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО-да 243 адамның алимент қарызы 400 млн теңгеден асқан

2021 жылғы 22 маусым 23:42
Бөлісіңіз:
СҚО-да 243 адамның алимент қарызы 400 млн теңгеден асқан

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың төрағалығымен борышкерлерден алимент өндіру мәселесі жиын өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыста сот орындаушылардың орындауында жалпы берешек сомасы 400 млн теңгеден асатын 6 мыңнан астам өндіріс бар.

СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне барлық мүдделі орган өкілдері қатысты.

Жеке сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасары Арман Құсановтың айтуынша, бүгінде өңірдің жеке сот орындаушыларының орындауындағы істердің 3807-сі мерзімінде орындалады. Ал 243-і проблемалық өндірістерге жатады, олар бойынша берешек сомасы 400 055 336 теңгені құрайды.

Жеке сот орындаушылары, жергілікті атқарушы және ішкі істер органдары тарапынан мақсатты және әдістемелік жұмыс нәтижесінде алимент бойынша проблемалық істер саны былтырғы 771-ден биыл 243-ке дейін төмендетілді. Алименттік төлемдер бойынша берешек 1 млрд теңгеден 400 млн теңгеге дейін азайды. ⠀

Жеке сот орындаушыларының ұсынысы бойынша 68 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 29 борышкер әкімшілік қамауға алынды, 39 борышкерге айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT