+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

СҚО-да 29 адам құтырмаға қарсы екпе алды

2021 жылғы 22 сәуір 02:21
Бөлісіңіз:
СҚО-да 29 адам құтырмаға қарсы екпе алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 29 адам құтырма ауруына қарсы вакцина алды. Ауру малды баққан ауыл тұрғындары қазір медицина қызметкерлерінің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда төрт күнде 400-ден астам адамнан коронавирус анықталды СҚО-да екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу амалдары басталды Үндістанда тағы бір ауру тарап жатыр

СҚО-да құтырманың 6 ошағы тіркелген. Қауіпті ауру ірі қара малда анықталды. Мамандардың айтуынша, үй жануарларын ауылға кіріп кеткен түлкілер қабуы мүмкін.

Сілекей арқылы берілетін инфекция адамдарға да қауіпті. Егер дер кезінде емдеу шаралары қолға алынбаса, адам сал ауруына ұшырап, тынысы тарылып, қайтыс болады.

Қазір ауру малды баққан, байланыста болған 6 ауданның 29 тұрғынына құтырмаға қарсы екпе егілді. Олар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған.

СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазановтың айтуынша, құтырма ауру табылған ошқтарда шектеу шаралары енгізілген. Ол барлық тиісті шаралар жүргізілгеннен соң ғана алынады. Қазір үй жануарларына вакцина егіліп жатыр. Осы күнге дейін құтырмаға қарсы 20 мың басқа екпе қойылды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT