USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да 3 жыл алимент төлемеген борышкер шетелден табылды

2021 жылғы 17 қыркүйек 14:41
Бөлісіңіз:
СҚО-да 3 жыл алимент төлемеген борышкер шетелден табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы баласына 3 жыл бойы алимент төлемей, халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Әзірбайжаннан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Әзербайжан азаматы 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.

СҚО-дағы баласына алимент төлемей қашып кеткен ер адамды миграциялық қызмет алдымен көрші Ресейден іздеген.

Кейін борышкердің өз елінде жүруі мүмкін деген ақпарат түсісімен, жергілікті полицейлер Әзербайжан Республикасындағы әріптестерімен байланысқа шықты.

Нәтижесінде оның жүрген жері анықталды. Ер адамға қатысты жиналған материал жеке сот орындаушыларына берілді.

«Әзірбайжан азаматын борышкерлерді анықтауға арналған акция аясында таптық. Бұл іс-шара 15-17 тамыз аралығында өткен еді. Екі күннің ішінде іздеуде жүрген 15 адам табылды, оның екеуі - туыстық қатынастың жоғалуына байланысты, 3 борышкер болса, 10-ы - алимент төлеуден қашып жүргендер. Жалпы акция басталмас бұрын біздің өндірісте 80 тергеу ісі болды. Оның 28-і борышкерге, 31-і алимент төлемегендерге және 21-і туыстық қатынасты жоғалтқандарға қатысты. Оларды табуға полицияның бүкіл құрылымдары жұмылдырылады», - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT