СҚО-да 35 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлер мен полиция екі айға жуық 35 жастағы Василий Костюкті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл тұрғыны Василий Костюк 20 шілде күні үйінен Көкшетауға барып, жұмысқа орналасамын деп шығып кеткен. Содан бері еш хабар жоқ.

Оған әлеуметтік желіде де іздеу жарияланды, алайда әзірге нәтиже шықпай жатыр.

Василий Костюк 1986 жылы 18 наурыз күні туған. Бойы 175-180 см шамасында, орташа келген, көк көзді, қысқа шашты, басында тыртығы бар. Жоғалған күні үстіне қандай киім кигені белгісіз. Өзімен бірге жеке куәлігі және ақшасы болған.

Ер адам жайында қандай да бір мәлімет бойынша 8 777 608 88 49, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар