+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

СҚО-да 4 жылдан соң көктемде аң аулауға рұқсат берілді

2021 жылғы 16 сәуір 10:40
Бөлісіңіз:
СҚО-да 4 жылдан соң көктемде аң аулауға рұқсат берілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында араға 4 жыл салып, биыл көктемгі аң аулауға рұқсат берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбелік жастар саябақ ішіндегі қоқысты жинады Атырау облысында қанша балық қырылды Қазақстанда су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық жоба әзірленуде

СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 2017 жылдан бастап көктемгі аң аулауға тыйым салынған еді. Биыл құрлардың қоразы мен Қызыл кітапқа енбеген жабайы үйректердiң кежектерiн атуға рұқсат берілмек. Аң аулау 24 сәуiр таңсәріден басталып, 8 мамырға дейін жалғасады.

«Аң аулау кезінде ел аумағында қолданылатын аң аулау тәртібін ұстану қажет. Яғни әуесқой не спорттық аң аулау үшін аңшыда: аңшы құжаты, орман шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, аңшы мылтығын қолданған жағдайда жеке тұлғаға оны пайдаланып, сақтауға және алып жүруге рұқсат, ал жыртқыш аңдарды қолданған жағдайда олардың құжаты болуы керек», - дейді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Михаил Никитин.

Маманның айтуынша, үйрек кежектерiн, құр қораздарын ату кезінде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектiсi қорықшысы болуы тиіс. Сондай-ақ аң аулау барысында кейбір ережелерді де есте ұстаған жөн.

«Елдi мекендерге қарасты жерлерде, сондай-ақ оларға iргелес аумақтарда аң аулау барысында қаупсіздікті қамтамасыз ету үшін аңшылық атыс қаруын қолдануға тыйым салынады. Уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде, жолдамада көрсетiлген жануарлар санынан артық және жолдамада көрсетiлмеген жануарлардың басқа да түрлерiн тұлыпсыз атуға , сондай-ақ демалу аймақтарында және көбею учаскелерiнде атуға болмайды», - дейді Михаил Никитин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT