СҚО-да 42 ауылдың әкімі өз орнына қайта сайланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында аумақтық сайлау комиссиясы ауыл әкімдерінің сайлауын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша, заңға сәйкес сайлауды жарамсыз деп тануға немесе қайта сайлау өткізуге негіз жоқ.

Сайлау 71 сайлау округінде, оның ішінде Мамлютка қаласында және 70 ауылдық округте өтті.

Сайлаушылар 214 кандидаттың ішінен таңдау жасады.

Оның ішінде 68 кандидатты саяси партиялар ұсынды, қалған 146-сы - өзін-өзі ұсынушылар.

«Сайланған 71 әкімнің 57-і немесе 80,2% - мемлекеттік қызметші. Оның шінде нақты ауылдық округте 42 әкім қайта сайланды. 4 - коммерциялық құрылым өкілдері, 6 - бюджеттік ұйым қызметкерлері, екеуі уақытша жұмыс істемейді. 19 әкім немесе 26,8 % – әйелдер. Бір үміткер - «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының түлегі. Мамандығы бойынша 13-і - экономист, 14-і - заңгер, 21-і - оқытушы, 7-уі - инженерлер. Сайланған әкімдердің орташа жасы – 45», - дейді Тілеген Қаскин.

Ең көп дауыс жинаған - Тимирязев ауданы Интернациональный ауылдық округінің кандидаты Қанат Иманжанов. Оған сайлаушылардың 98 % дауыс берген.

«Дауысты қайта санау жүргізілген жоқ. Сайлау комиссияларының іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне жоғары тұрған комиссияларға, соттарға шағым түскен жоқ», - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.


Соңғы жаңалықтар