СҚО-да 840 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті 840 адамға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірге 22 ақпан күні «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті жеткізіліп, екпе егу жұмыстары басталып кетті. Вакцина алып жатқандардың ішінде медицина қызметкерлері, санитариялық қызметтің мамандары бар. Төрт күннің ішінде 840 адамға екпе жасалды. Жалпы доза – 1200.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші партиясы өңірге келесі аптада жеткізілуі тиіс. Бұл жолы СҚО-ға 2800 данасы бөлінген.

Мамандардың айтуынша, бірінше кезекте қалған медицина қызметкерлері алады. Кейін күш құрылымдардың өкілдері егілмек. Сондай-ақ ұстаздар мен білім басқармасы мен бөлімдердің қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алады.

Бүгінде СҚО-да коронавирус бойынша жағдай тұрақталған. Өңір «сары аймақта» тұр. Өткен тәулікте облыста КВИ жұқтырудың жаңа 30 жағдайы тіркелді. Оның 21-інде адамдар дәрігерлерге ауырып көрінген.

Жалпы осы уақытқа дейін өңірде COVID-19 жұқтырудың 12207 жағдайы тіркелді.


Соңғы жаңалықтар