+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 2 млн теңгесінен айырылды

2021 жылғы 27 шілде 14:58
Бөлісіңіз:
СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 2 млн теңгесінен айырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтар ауыл тұрғынын алдап, оның жиған-терген 2 млн меңгесін жымқырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда 43 жастағы ер адам өзіне-өзі пышақ салған Ақтөбелік көршісінің құжатымен 12 несиені онлайн рәсімдегені үшін сотталды ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде бір тәулікте үш интернет-алаяқтық тіркелді. Соның бірінде алаяқтар «банктен хабарласып тұрмыз» деп алдап, әйелдің 2 млн теңгесін қолды еткен.

«Есіл ауданының 54 жастағы тұрғынына, оның банк шотына қылмыскерлер шабуыл жасап жатыр деп алаяқтар қоңырау шалған, ақшаны сақтап қалу үшін «резервтегі депозитке» аудару керек деп айтқан. Әйел айтылған шотқа 2 млн теңгеге жуық жиған ақшасын аударған. Кейін ол банктің call-орталығына жүгініп, банктен ешкім хабарласпағанын біледі», - дейді Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сағындық Жантеміров.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Мұндай қылмыстың алдын алу үшін ауданда адамдар көп жиналатын орындарда интернет-алаяқтардың түрлі тәсілдері туралы ескерткен брошюралар мен плакаттар таратылды. Баннер орналастырылды. Учаскелік инспекторлар да үнемі тұрғындарға айтып отырады. Ескертулер БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі аудандық полиция бөлімінің аккаунттарында жарияланып тұрады. Адамдарды сақ болуға шақырамыз. Жинаған ақшаңызға қауіп төнуі туралы «банктен шалынған қоңырауға» жауап бермеңіз, сөйлесуді бірден тоқтатыңыз. Шоттарыңыз орнында екендігіне көз жеткізу үшін банк бөлімшесіне барыңыз немесе ресми телефонға хабарласыңыз», - дейді Сағындық Жантеміров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT