+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

СҚО-да балық аулауға уақытша тыйым салынды

2021 жылғы 21 сәуір 20:26
Бөлісіңіз:
СҚО-да балық аулауға уақытша тыйым салынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға тыйым салынды. Ережені бұзғандарға 116 680 теңгеге дейін (40 АЕК) айыппұл салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста 20 сәуірден бастап уылдырық шашу кезеңінің басталуына байланысты балық аулауға тыйым салынған. Есіл өзенінде, оның барлық салалары мен жасанды суқоймаларында 20 мамырға дейін балық аулауға болмайды.

«Көктемде облыстағы биологиялық алуандықты сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Есіл өзені бассейнінің су қоймаларында 15 сәуірден 15 мамырға дейін шортан, аққайран мен көксеркені, 20 мамырдан 20 маусымға дейін сазанды, 1 тамыздан 14 қыркүйекке дейін гаммарусты, 1 маусымнан 15 шілдеге дейін өзен шаяндары аулауғы тыйым салынған. Полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп браконьерлік фактілерінің алдын алу, аңшылық және балық аулау қағидаларын сақтау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізеді», - дейді СҚО ПД табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев.

СҚО-да 15 сәуірден бастап 22 балық аулаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Табиғат аясында демалуды ұнататындардан заңнаманы қатаң сақтауды сұраймыз. Жеке тұлғаларға балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін 10-нан 40 АЕК, аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін 5-тен 70-ке дейін АЕК айыппұл бар. Айтарлықтай шығын келтіру қылмыстық жауапкершілікке әкеледі: заңсыз аң аулағаны үшін 3 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Балық ресурстарын заңсыз аулағаны үшін 3 мың АЕК 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - дейді Асхат Қожабаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT