СҚО-да балықтың қырылуына көлдің түбіне дейін қатуы себеп болған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Жекекөл, Логовое, Пестрое көлдерінде балықтың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экология департаментінің мәліметінше, ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Айыртау ауданының Логовое, Қызылжар ауданының Пестрое және Жамбыл ауданының Жекекөл көлдерінде балықтың қырылу себептері айтылған.

мамандар пайымынша, қырылу - су айдынындағы таяз жерлердің түбіне дейін қатуы себебінен болған. Осыған орай Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына су айдындарындағы ихтиофаунаның жай-күйін білу үшін биологиялық материал жинау мақсатында балық аулау ұсынылды.

Мелиоративтік аулау жөніндегі комиссия Айыртау ауданының Луговое көлінде балық аулау мәселесін қарауы керек.

Ал Қызылжар ауданының Пестрое көлі мен Жамбыл ауданының Жекекөл көлдерін жалға алушылар балық пен олардың шабақтарын құтқару үшін тиісті шаралар атқаруы тиіс.

Жергілікті атқарушы органға осы су айдындарының жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды.

Бұған дейін мамандар Бугровое, Пруд көлдерінде және Чаглинка өзенінде мөңке балығының ауа жетпей қырылғанын анықтаған еді.


Соңғы жаңалықтар