СҚО-да бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының азаюына байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы аптада ауруды жұқтыру 34 %-ға төмендеп, 242-ден 159 жағдайға түсті.

Мәселен өткен тәулікте өңірде жаңадан 13 жағдай тіркелді.

21 сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес облыс «жасыл» аймақта.

Осыған орай, облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойып, бұрынғы қаулыларға түзетулер енгізді. Өзгерістер қол қойылған күннен бастап күшіне енбек.

Енді:

1) санитариялық талаптарды ескере отырып, азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларға, сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне уақыт шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етілді;

2) Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты сағат 2.00-ге дейін ұзартылды, жазғы алаңдардың жұмыс уақыты сағат 7.00-ден сағат 2.00-ге дейін, 50 %-ға дейін толтырып, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді;

3) Боулингтер мен компьютерлік клубтарға келушілер санын 30 % -дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Жалпы, СҚО-да вакцинаның бірінші компонентін 45 153 адам алса, толық курстан 15 103 адам өтті. 815 адам отандық вакцинаны салдырды.

«Вакцинация инфекциядан қорғаудан басқа, бірқатар артықшылықтар береді, ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулысына сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған адамдар ел аумағында құжаттық дәлелдеме ұсынған кезде ПТР-тестсіз: ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге, болашақ ата-аналарға бала асырап алу үшін нәрестелер және балалар үйіне баруына, пациенттердің, оның ішінде жүкті әйелдердің, балалардың жоспарлы түрде госпитализация алуына, медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындарының және медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканы бастауына рұқсат бар. Вакцина алған қызметкерлер қашықтағы жұмыс форматына көшірілмейді, COVID-19-ды жұқтырғандармен байланыста болғандар 14 күндік карантинге жатпайды», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Жалпы облыста КВИ жұқтырғандар саны 14 070-ке жетті.


Соңғы жаңалықтар