СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл да тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 3700 баспана салынбақ. Оның 714-і басқа өңірлерден қоныс аударушыларға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінің өткен жылды қорытындылаған отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов биыл да тұрғын үй құрылысының бәсеңдемейтінін айтты.

2020 жылы жоспарланған 306 мың шаршы метр баспана тұрғызылып, 3300-ден астам пәтер пайдалануға берілді. 12 мыңнан астам солтүстікқазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.

«Биыл баспана салуға бюджеттен 15,6 млрд теңге бөлеміз. Жоспар бойынша 340 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызамыз. Бұл 3700-ден астам пәтер. 2018 жылы пайдалануға берілген баспанадан 1,8 есе артық.

Біз алдымызға жыл сайын 3 мыңнан кем емес пәтер салу мндетін қойған едік. Былтыр көздеген мақсатымызға жеттік. Баспана елді мекендерде де тұрғызылды. Осылайша 2020 жылы бюджет есебінпн 609 үй бой көтерді. Биыл өзге өңірлерден келетін 2535 азаматқа 714 үйді салып береміз. Осылайша ауылдардағы кадр жетіспеушілігі мәселесін біртіндеп шешеміз», - деді Құмар Ақсақалов.


Соңғы жаңалықтар