+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

СҚО-да бірнеше студент интернет-алаяқтардың құрығына түскен

2021 жылғы 23 ақпан 17:50
Бөлісіңіз:
СҚО-да бірнеше студент интернет-алаяқтардың құрығына түскен

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше студент ұзақ мерзімге пәтер жалдаймыз деп интернет-алаяқтарға алданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астаналық тұрғын СҚО-да қаруы бар көлікті айдап әкеткен Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды Қарағанды облысында өзгенің малын 174 млн теңгеге сатып жіберген бақташылар ұсталды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан Петропавлда студенттерге қатысты жасалған 4 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Барлық жағдайда жәбірленушілер OLX сайты арқылы ұзақ мерзімге жалға алуға баспана іздестірген. Арзан бағаға қызыққан студенттер көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалған. «Пәтер иесі» пәтерін сұраушылардың көптігін айтып, оны тек алдын ала төлем жасағанға ғана жалға беретінін айтқан. Арам ойы жоқ студенттер ақшаны көрсетілген шотқа аударған, қаражат қолға түсісімен «үй иесі» қоңырауларға жауап бермей, жоғалған. Қазіргі уақытта полицейлер қаскөйлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Жастарды ескерту мақсатында петропавлдық полицейлер қала колледждерінің шәкірттерімен кездесті. Тәртіп сақшылары алаяқтар жиі қолданатын айла-тәсілдер жайында айтып, қылмыстың бұл түріне қандай жауапкершіліктің барлығын, алаяқтарға кезіккен кезде қандай әрекет жасау қажеттігі туралы ескертті. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, арнайы профилактикалық жадынамалар және буклеттер таратты.

Полицейлердің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда интернет-алаяқтық екі есе артып, биыл облыс орталығында 60-тан астам қылмыс тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT