СҚО-да бірнеше ұрлық жасаған интернет-алаяқ ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлердің «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Hi- tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы кибералаяқтықпен күшейтілген режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, жақсы нәтиже берді.

Алматы қаласына іссапарға жіберілген Петропавлдың криминалдық полицейлері оңтүстік астананың 27 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның облыс орталығының тұрғындарына қатысты кибералаяқтықтың 3 эпизодына қатысы бар болуы мүмкін.

Жас жігіт интернетке гүл сату және оны жеткізу туралы хабарландыру орналастырған. 10-12 мың теңге алдын ала төлем жасауды талап етіп, ақшаны алған соң байланысты үзген.

Аталған фактілер «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп- тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін алматылық Петропавлға жеткізілді. Ұсталғанның ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

«Полиция қызметкерлерінің тұрақты жүргізген түсіндіру жұмысы арқасында солтүстікқазақстандықтардың көбі интернетте сауда жасау кезінде өздерін қалай ұстау керектігін білді. Дегенмен, алдын ала төлемді талап етіп алдау - кең тараған сценарийлерінің бірі болып қала береді. Алдау түрлері жеткілікті, ең бастысы, қандай жағдай болмасын ешкімге жеке деректер мен құпия мәліметтер: банк карталарының нөмірі мен cvv-кодын, sms арқылы келетін қол жеткізу кодының құпия сөздерін жібермеу қажеттігін естен шығармаған жөн», - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов.

Операция басталғаннан бері полицейлер кибералаяқтық жасаған 7 күдіктіні анықтады.


Соңғы жаңалықтар