СҚО-да екі күн ішінде 17 мас жүргізуші ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күні ішінде 800-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күн ішінде жол ережесін өрескел бұзуға қатысты бірнеше дерек, соның ішінде жылдамдықты асыруған 49 факті анықталды. 15 жүргізуші жаяу жүргінші өткелінен өту қағидасын бұзған. Осындай жол ережесін бұзудың салдарынан жыл басынан 55 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 1 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алды. Сондай-ақ облыс жолдарында 17 мас жүргізуші тоқтатылған, оның екеуі есірткіге еліткен болып шықты.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, учаскелік инспекторлар сотталған және есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеріп жатыр. Екі тәулік ішінде 400-ден аса қараусыз қалған ғимарат, 140-тан астам жалға берілетін пәтер тексерілді. Қабылдау-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 17 адам, бейімдеу орталығына екі жасөспірім жеткізілді. Түнгі рейдтер барысында сағат 23.00-ден кейін жалғыз көшеде жүрген 47 кәмелетке толмаған анықталды. Сонымен қатар, заңсыз сақталған 10 қару тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар