СҚО-да қауіпті індет анықталған 3 ер адам Ресейде жұмыс істеген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус анықталған үш адам да Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штабтың мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандардар 1990, 1993, 1996 жылы туған ер адамдар. Олар Ресейдің Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейді. Шекарадан М. Жұмабаев ауданының "Қарақоға" бекеті арқылы өтті. Елге келген соң COVID-19-ға тексеріліп, карантиндік стационарға жатқызылды.

Зертханалық зерттеу олардың қауіпті індетті жұқтырғанын көрсетті. Қазір науқастар Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатыр. Бұл азаматтармен байланыста болған 4 адам тексерілді, нәтижелері теріс. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы 3 маусымдағы жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 64 адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар