СҚО-да көктемгі су тасқынының қаупі мол

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл қалыптан тыс жылы және қыс қарлы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, мамандар өңірдегі 19 гидрологиялық бекеттен мониторинг жүргізеді. Жақында олар көктемгі су тасқыны бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге алдын ала консультативтік гидрологиялық болжамды жасап берді.

Биыл СҚО-да қар молынан жауды. Қазіргі уақытта синоптиктер аудандардағы қардың қалыңдығын өлшеп, талдау жасап жатыр. Әсіресе Ғ.Мүсірепов, Айыртау аудандарында жағдай күрделі, мұнда көп мөлшер тіркелген. Өткен аймен салыстырғанда қардың қалыңдығы 1,5 есеге артса, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 есе көп.

«Биыл қардың көптігінен СҚО, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасиды деп күтілуде. Қазір өңірдегі Сергеев су қоймасында 660 млн текше метр су бар, яғни 95 % толған. Бұл 2017 жылғы көрсеткішке тең», - дейді «Қазгидромет» РМК СҚОФ директоры Қымбат Мерғалимова.

Биыл қыстың қалыптан тыс жылы болуына байланысты бірнеше өзенде судағы мұз қозғала бастаған. Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы қазір 15-30 см аралығында ғана. Бұл былтырғыдан шамамен 3 есе аз.

«Наурыз айының орташа температурасы минус 6-8 аралығында болады деп күтілуде. Бұл әдеттегі нормадан 1 градусқа жоғары. Айдың басында қар жауса, орта шеніне қарай қардың арты жаңбырға ұласады. Наурыздың екінші он күндігінде ауа температурасы айтарлықтай жылып, қар қарқынды түрде ери бастайды», - дейді Қымбат Мерғалимова.


Соңғы жаңалықтар