СҚО-да коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус індетін жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия басталғалы облыста 23 354 коронавирус жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 75 адам індет жұқтырған. Пацинеттердің 92 пайызы толық айығып шықты. Өкінішке қарай, 181 адам COVID-19-дан қайтыс болды. Бүгінде облыс бойынша коронавирус жұқтыру жағдайлары екі есе азайды», - деді А. Сақыпкереев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі орынбасарының сөзінше, осыдан 3 ай бұрын аталған өңірде күніне 171 жағдайдан тіркеліп отырған.

«Бұл пандемия кезіндегі ең үлкен көрсеткіш болды. Дегенмен соңғы 2 апта ішінде оған дейінгі уақытпен салыстырғанда біздің өңірде коронавирус жұқтыру 44 пайыз азайды. 100 мың халықтың ішінде 195 адам аталған індетке шалдығып отыр. Коронавирусқа шалдыққандардың 65 пайызы медициналық көмекке өздері жүгінген, 22 пайызы вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған және 13 пайызының індетке шалдығу салдары әртүрлі», - дейді ол.

Оның айтуынша, аймақтағы коронавирусты жұқтырушылардың дені 30 бен 60 жастығалар.

Бұған дейін Асқар Сақыпкереев облыста 157 млн теңгеге халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмек сатып алынғанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар