СҚО-да құс тұмауы табылған ауылдағы эпизоотиялық жағдай АШМ бақылауында

None
None
ЛЕБЯЖЬЕ. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев бастаған республикалық комиссия Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылына барып, құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді. Бұл жайында министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Комиссия тарапынан эпизоотиялық жағдай зерделеніп, су айдынына мониторинг жүргізілді, ауруды жою ауқымы анықталып, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Инфекция ошағын дер кезінде және жедел оқшаулау және жою үшін елді мекеннің периметрі бойынша жерлерді жырту жұмыстары жүргізілді, кіретін және шығатын автокөліктерді дезинфекциялау үшін дезбаръер орнатылды.

Эпизоотиялық тізбекті үзу мақсатында ошақтағы құстардың барлық басын жою туралы шешім қабылданды.

Бүкіл алынған және жойылған құстың иелеріне өтемақы толық көлемде төленеді.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 112,2 мың доза отандық препараттар бөлінеді.

Эпизоотиялық жағдай тұрақты бақылауда.

Инфекцияның облыстың басқа елді мекендеріне таралуына жол бермеу мақсатында вакцинация жүргізу және тірі құс пен құс шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына бақылау орнату шаралары қабылданған.

Естеріңізге салайық, 27 қыркүйек күні СҚО М.Жұмабаев ауданындағы Лебяжье елді мекені құс тұмауының тіркелуіне байланысты карантинге жабылған еді.

Бұл ауылда мыңнан астам үй құсы қырылып қалды.

Кейіннен құс тұмауы табылған ауылда бүкіл құстың көзі жойылатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар