СҚО-да медициналық көмектің 32 жол картасы енгізілмек

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында медициналық көмектің түрлі бағыттары бойынша 32 жол картасы мен 3 жедел жоспар енгізілмек. Олар: ана өлімін азайту, бала өлімін азайту және бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамытумен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулықсақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, осылардың ішінде ең өзектілері өткір миокард

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, жол карталарының ішіндегі басымдыққа иелеріне - өткір инфаркт, инфаркт миокарды, инсульт, онкология, жарақаттар, босану кезінде көмек көрсету карталары жатады.

Атап айтқанда, аймақта қан айналымы жүйелері бойынша кездесетін сырқат деңгейі республикалық көрсеткіштен жоғары. Басқарма басшысы бұл жағдайды қартаюдың жоғары көрсеткішімен түсіндіреді: облыстағы халықтың 55,8 пайызының жасы 65-тен асып кеткен адамдар.

Десе де, аталмыш топтағы өлім-жітім көрсеткіші 11,4 пайызға азайған. Кейінгі 3 жылда тіпті 37,3 пайызға төмендеген. Жүректің ишемиялық ауруларынан келетін өлім-жітім 20 пайызға, бас миы тамырларының жарылуынан болатын өлім деңгейі 9 пайызға азайған.

«Қан айналымы аурулары бойынша 48 мың адам скринингтен өтті. 1380 адамда ауру бары белгілі болды. Анықталған пациенттің бәрі есепке алынып, ем-дом алып жатыр», - деді Т.Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, алғашқы медициналық-саниарлық көмек алатын дәрігерлердің бәрі кардиологиялық аурулары бар азаматтарға көмек көрсету бойынша оқытылуда. Сонымен қатар, кардиологиялық орталққа құны 467 млн теңгелік цифрлық ангиограф әкеліп қою жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар