+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

СҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 63 пайызы – әйелдер

2021 жылғы 22 қаңтар 22:42
Бөлісіңіз:
СҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 63 пайызы – әйелдер

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтегі лауазымдардың 12% астамы бос тұр, яғни 582 қызметші жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда мемқызметшілерге қазақ тілін меңгеруге қатысты талап қойылмақ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко өткен жылды қорытындылап, брифинг өткізді.

Оның айтуынша, өңірге штат бойынша 4794 мемлекеттік қызметші керек.

Алайда оның 12%-тен астамы бос лауазымдар. Облыста 582 мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 40-ты құрайды. Ал орташа еңбек өтілі – 10 жыл шамасында.

«Біздің облыста мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі республикалық көрсеткіштен жоғары. 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің 63,5 %-ін әйелдер құрайды. Сонымен қатар, олардың 45%-і мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерді атқарып жүр», - дейді Елена Степаненко.

СҚО-да соңғы үш жылдан бері мемлекеттік аппараттың кадрлық құрамының тұрақтылығы байқалады.

Мемлекеттік қызмет жүйесінен 2018 жылы қызметшілердің 6,8 %-і, 2019 жылы 5,9 %-і, былтыр 5,1 %-і кеткен.

«Мамандар мемлекеттік қызметте тәжірибе жинақтап, экономиканың басқа секторларына кетеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың институционалдық жадының жоғалуына әсер етеді. Мысалы, мемлекеттік органдардағы басшы құрамының үштен бір бөлігі – 26 %-і атқаратын лауазымында бір жылдан аз жұмыс істейді, тағы 17% - і бір жылдан екі жылға дейін еңбек етіп жүр», - дейді департамент басшысы.

Елена Степаненконың айтуынша, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатындан өткен жылдың соңында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді.

«Биыл саяси қызметшілерді ротациялау институты, сондай-ақ әкімдіктер басқармаларының басшыларын өңіраралық ротациялау енгізілді. Бұрын оларды ротациялау тек бір әкімдік шегінде ғана мүмкін еді. Алайда мұндай ротация командалық орын ауыстыруға жол бермеу мақсатында Агенттікпен келісім бойынша жүргізіледі. Яғни саяси қызметшілер атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын ротацияланады. Алайда тиісті мемлекеттік орган басшысы оның мерзімін тағы екі жылға ұзарта алады. Бұдан кейін екі жылға ұзарту Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша ғана мүмкін», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко.

Осылайша, саяси қызметшілердің лауазымда болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі сегіз жылдан аспайды.

Былтыр СҚО-да 340 адам жаңа лауазым алды, олардың 57 %-і алғаш рет мемлекеттік қызметке орналасқандар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT