СҚО-да мереке қарсаңында сотталған бойжеткенге жігіті үйленуге ұсыныс жасады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бойжеткенге халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүйіктісі ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткеннің есімі – Юлия. ЕС-164/6 мекемесіне былтыр түскен. Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Әлі екі жылы бар.

Жігіті Андреймен 2019 жылдан бастап кездеседі. Екеуі университетте оқып жүргенде танысыпты. Кейін Юлия жаза басып сотталғанда, Андрей оны күтетінін айтқан. Бостандықта жүргенде сүйіктісіне үйлену жөнінде ұсыныс жасап үлгермеген жігіт, мереке қарсаңында бойжеткенге тосын сый жасады. Қоңырау шалып, сезімін білдіріп, күйеуге шығуын сұрады. Юлия «ия» деп жауап берді.

«Мен жігітімді қатты жақсы көремін. Ол мені бостандықта күтіп жүр. Болашағымды тек Андреймен ғана көремін. Жақында екеуміз мекемеде некеге отырамыз. Бұл біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Бостандыққа шыққасын жаңа өмірді бастаймыз. Көп балалы ана болғым келеді», - деді бақытқа бөленген Юлия.

Былтыр СҚО-да жазасын өтеушілер арасында 30 неке қиылған екен.



Соңғы жаңалықтар