СҚО-да «өлі» көл саналып келген су айдынында балықтар пайда болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы тұзды көл – Саумалкөлде бірнеше жылдан кейін балық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саумалкөл халық арасында «өлі» көл атанып кеткен. Суы таза болғанымен, тұзды. Салдарынан бірнеше жыл балық болмаған. Биыл осы су қоймасына көктемде пелядь балығының 3,5 млн шабағы жіберілді.

Осы мақсатқа 4,5 млн теңге жұмсалды. Жоба өз нәтижесін беріп, шабақтар жерсініп, өсті.

Жақсы хабарды әлеуметтік желідегі өз парақшасында Айыртау ауданының әкімі Дархан Әмрин жеткізді.

«Саумалкөл «тірілді». Мен қазір қуанышым қойныма сыймай біздің Саумалкөлге бара жатырмын. Осыдан 4 ай бұрын жіберген шабақтар өлмепті. Біздің көктемгі тәжірибенің қорытындысын өз көзіммен көремін. Тұзды көлде балықтың өлмегеніне таңмын. Көпшілікті де бұл жаңалықтың таңқалдырары сөзсіз. Ғалымдар мұндай тұзды көлде тек сиг тұқымдас балықтары ғана өседі дейді. Бұл көлді «Ильин» ЖК жалға алған», - деп жазды Дархан Әмрин.



Соңғы жаңалықтар