СҚО-да өткен айда зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге 12 млрд теңге жұмсалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 150 мыңға жуық адам зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаментінің мәліметі бойынша, биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында республикалық бюджеттен көпбалалы аналарға жәрдемақыға 293 млн астам теңге, көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге 777 млн теңге жұмсалды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша СҚО-да 3,9 мыңнан астам адам көпбалалы ана ретінде, 3,8 мыңнан астам адам көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алады.

Ал 1 мамырдағы жағдай бойынша СҚО-да зейнеткерлер саны 103 мыңнан астам адамды құрады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 23 мың адамнан асса, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны 14 мыңға жуық адам алады.

Мамандардың айтуынша, 2021 жылғы сәуірде облыс бойынша республикалық бюджеттен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерге 12 млрд астам теңге қаражат жұмсалды.

Базалық зейнетақы төлемін ескергенде, 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері – 97 529 теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар