+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

СҚО-да пара берген колледж директоры сотталды

2019 жылғы 5 қараша 10:29
Бөлісіңіз:
СҚО-да пара берген колледж директоры сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада инспектор пойыз бригадирлерінен жүйелі түрде пара алған – агенттік Түркістан облысында өткен «Адалдық сағатына» 40 мыңға тарта жас буын қатысты Елордада пара алған бөлім басшысына 4,5 млн теңге айыппұл салынды

«Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», делінген хабарламада.

Ол облыстық ТЖД қызметкері анықтаған өртке қарсы қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін колледж фармацевті М.Т.Әбдікәрімованың делдал болуы арқылы 50 мың теңге пара берді деген күдікке ілінген.

1 қарашада Петропавл қалалық сотының үкімімен М.Б. Ахметова пара бергені, ал М.Т. Әбдікәрімова пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT