СҚО-да пробациялық бақылаудағылар биосканерден өтеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы пробация қызметінде есепте тұрғандар бұдан былай биометрикалық сканер арқылы бақыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қылмысқа қайта бармас үшін және сотпен жүктелген міндеттерді орындату мақсатында олар үнемі бақылауда болады. Ал бұл жұмысты жеңілдету үшін ҚАЖД, СҚО прокуратурасы және Петропавл әкімдігі бірлесіп, Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің ғимаратына биометриялық сканер орнатты.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласының пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеп жатқан 398 адам тұр. Олар күн сайын тіркеуден өтеді. Мамандар күнделікті дерекқор базасына сауалнама мәліметтерін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, байланыс телефондарын және бет пен саусақ ізі сканерін енгізеді.


«Биометриялық технологиялар бір адамға ғана тән ерекше сипаттамаларды өлшеуге негізделген. Петропавл қаласының пробация қызметінде саусақ ізін идентификациялау бойынша биометриялық сканер орнатылған. Саусағын сканерге қою арқылы сотталған адам пробация қызметіне келген уақытын автоматты түрде тіркейді. Бұрынғыдай қағаз толтырудың қажеті жоқ», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлжан Тәшкенова.


Соңғы жаңалықтар