СҚО-да провизорлық стационарға көмек ретінде азық-түлік, гигиена бұйымдары жеткізілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Келлеровка елдімекеніндегі провизорлық стационарға «Дәрігерлерге рахмет» акциясы аясында көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, партияның Тайынша аудандық филиалы Келлеровка елдімекеніндегі провизорлық стационарға таза су, қымыз, тәттілер, шай, қоюлатылған сүт, консервілер және гигиена бұйымдарын жеткізді.

Провизорлық стационарда пневмониямен ауырған және коронавирустық инфекцияны жұқтырған 53 сырқат ем алып жатыр. Емдеу мекемесінде 12 медицина қызметкері жұмыс істейді.

«Nur Otan» партиясы Тайынша аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәрсенбай Бекшеновтың айтуынша, «Дәрігерлерге рахмет» акциясы пандемия кезінде еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

«Партияның белсенді мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, жергілікті БАҚ өкілдері көмектесті. Келлеровка елдімекеніндегі стационарда медицина қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Үй көрмейді. Оларды қазір қолдау керек», - дейді Сәрсенбай Бекшенов.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірдегі инфекциялық стационарларда - 480, провизорлық стационарларда 1620 орын бар. Қосымша Уәлиханов ауданында 10 орындық инфекциялық стационар ашылды.

Бұған дейін СҚО-да коронавирусты инфекция жұқтырғандардың 68-і бүгін тәуір болып, үйлеріне жіберілгенін айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар