+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

СҚО-да саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан ер адамның мәйітін тапты

2019 жылғы 16 қазан 17:45
Бөлісіңіз:
СҚО-да саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан ер адамның мәйітін тапты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласының маңындағы ормандардың бірінен саңырауқұлақ теруге шыққандар ағашқа асылған ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жоғалған қызды іздестіруге 50 полиция қызметкері жұмылдырылды Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады Суға батып бара жатқан балаларды құтқарған отбасы марапатталды - СҚО

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбыға баратын айналма тас жолдың бойындағы ормандардың бірінде ағашқа асулы тұрған ер адамның мәйітін 13 қазанда саңырауқұлақ терушілер көріп, құқық қорғау органдарына хабарлады.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы оның 1994 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны екенін анықтады. Ол осы күнге дейін із-түссіз жоғалғандар тізімінде болған. Сол маңнан ер адамның құжаттары, ақша және банк картасы табылды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT