СҚО-да сауналарды жалға алып, жеңгетайлық ұйымдастырған топ ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үш саунаны жалға алып, жеңгетайлық жасады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 16-18 маусым аралығында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Тәртіп сақшылары көңіл көтеру орындарын, сауналарды, құрылыс алаңдарын, шаруашылықтарды және фермерлік қожалықтарды тексерді. Мақсат - адам саудасымен, сексуалдық және адам еңбегін пайдаланумен байланысты қылмыстарды ашу.

«Жеңгетайлық фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ҚР ҚК «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» 262-бабының екі бөлігі бойынша фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілер бірнеше адам, олардың ішінде үш саунаны жалға алушы да, әкімшілер де бар. Сауналарда ақшаға интимдік қызметтер көрсетіліп келген», - деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, М.Жұмабаев ауданында ел аумағында құжатсыз және тіркелмей жүрген Өзбекстан Республикасының 41 жастағы тұрғыны анықталды. Сот қаулысына сәйкес шетелдік жеке тұлғасы анықталғанға дейін қабылдап-тарату орнына қамалды. Қайыршылық үшін 40 адам әкімшілік жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар