СҚО-да жолдардың бойында 300-ден астам жылынатын орындар бар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары ауа райының бұзылуына байланысты төтенше жағдайға дайындық шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, өңірде қар басу қаупі жоғары 376 бөлік бар. Егер аймақта боран тұрып немесе күшті жел соғатын болса, қар көлік жолдарын жауып қалуы ықтимал.

Осындай жағдайда қапы қалмау үшін өңірде республикалық, облыстық маңыздағы және жергілікті жолдардың бойына 344 жылынатын орындар орналастырылды. Сондай-ақ төтенше жағдайға 1183 қар күрейтін және арнайы техника сақадай сай тұр. Бұған қоса тағы көктайғақ кезінде қолданатын материалдар мен жанар-жағармай дайындалған.

Құтқарушылар өңір тұрғындарына ауа райына байланысты ескертулерді елемеу едәуір қауіп тудыратынын ескертті. Солтүстікқазақстандықтарды ауа райының бұзылатыны туралы алдын ала «Darmen» қосымшасы арқылы және хабарлама сілтемелері арқылы хабардар етуде.

Облыста алдағы демалыс күндерінде ауа райының бұзылуы мүмкіндігі жөнінде ескерту жарияланды. Өңірде боран тұрып, көктайғақ болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар