СҚО-да жүк көлігі мен мотоблок соқтығысып, бір адам мерт болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Смирнов елді мекенінде мотоблок пен КАМАЗ соқтығысып, салдарынан мотоблоктың жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 10 мамыр күні сағат 18.45-те Аққайың ауданының орталығы Смирнов ауылында мотоблок пен КАМАЗ көлігі соқтығысып қалды. Мотоблоктың рулінде сол ауылдың 39 жастағы тұрғыны және қасында 51 жастағы жолаушы болған. Ал жүк көлігін Қызылжар ауданының 41 жастағы тұрғыны жүргізген.

Жол-көлік оқиғасында мотоблоктың жолаушысы жарақат алып, Аққайың аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Медициналық куәландыру мотоблок жүргізушісінің мас болғанын көрсетті.

«КАМАЗ жүргізушісі сау. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 бөлімі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - дейді СҚО ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары Жеңіс Темірбеков.


Соңғы жаңалықтар