СҚО-да жүк тасымалдаушыдан коронавирус анықталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған екі адам қауіпті індетті Ресейден жұқтырып әкелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штабтың мәліметінше, COVID-19 анықталған ер адамның біреуі 1988 жылы туған Қазақстан азаматы. Жүк тасымалдаумен айналысады. Ресейдің Омбы қаласынан 27 мамыр күні М.Жұмабаев ауданындағы «Қарақоға» бекеті арқылы өткен. Әзірше қанша адаммен қарым-қатынаста болғаны белгісіз.

Екіншісі 1979 жылы туған. Ресейдің Екатеринбург қаласында дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Шекарадан 27 мамыр күні Мамлют ауданындағы «Жаңажол» бекеті арқылы өтіп, COVID-19 тексерілген. Вирусты жұқтырғаны анықталғаннан кейін Мамлютка қаласындағы карантиндік стационардан Петропавлдағы бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне көшірілді. Онымен бір адамның байланыста болғаны анықталды.

Мамандардың айтуынша, екі адамның да жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық белгілері жоқ. Емдеу шаралары қолға алынды.

Жалпы, 28 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 51 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар