+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

СҚО-да жылқыларға жарық шағылыстыратын таспалар тағылып жатыр

2019 жылғы 15 қараша 05:37
Бөлісіңіз:
СҚО-да жылқыларға жарық шағылыстыратын таспалар тағылып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жол үстіне шыққан мал кесірінен болатын жол апаттарын азайту мақсатында жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілініп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында СК-Фармацияның өңірлік қоймасына тексеру жұмыстары жүргізілді Алматы полициясы белгілі әнші түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады Қарағанды облысында әлеуметтік желілерде «Әкім сағаты» енгізіледі

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы уақытта жылқының қатысы бар жол-көлік оқиғалары артқан. Осыған орай полицияның аудандық бөлімшелері жол апаттарының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды өткізуде. Аққайың мен Есіл аудандарында қараңғы кезде алыстан көзге түсуі үшін малдардың мойнына жарық шағылыстырғыш таспалар ілініп жатыр.

«Біз тұрғындармен кездестік. Оларға адамдар қаза тапқан жол-көлік оқиғаларының видеоларын көрсеттік. Оның бәрі жолға атып шыққан жылқының кесірінен болған. Бұл тұрғындарға ой салды. Біз ауыл адамдарынан жол апаттарын болдырмау үшін өз тараптарынан қауіпсіздік шараларын қолға алуды сұрадық», - дейді Аққайың аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бимендин.

Ауыл тұрғындары полицейлердің жылқылардың мойнына қараңғыда алыстан көрінетін арнайы таспаны ілу туралы ұсынысын қолдады. Шаруашылықтардың көпшілігі өз малдарына жарық шағылыстырғыш таспаны тағып жатыр.

«Біздің бұл әрекетіміз ертең біреудің өмірін сақтап жатса үлкен сауап емес пе?! Ең алдымен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін керек. Мойнында жарқыраған таспасы бар жылқы қараңғыда алыстан көрінеді», - дейді ауыл тұрғыны Бейбіт Әбілев.

Бұған дейін СҚО-да соңғы бір айда жолға шығып кеткен жылқылардың үш жол-көлік апатына себепші болғанын айтқан едік. Салдарынан бір әйел қаза тапты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT