СҚО-дағы 5 ауыл колледжінің техникалық базасы жаңартылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Жас маман» жобасы аясында 5 ауыл колледжі жаңғыртудан өтіп, қажетті техника алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, биыл облыстағы колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр.

Оқу орындарына қондырғы алуға 1,4 млрд теңге бөлінген. Шілде айының басында бұл қаражаттың 1 262,4 млн теңгесіне, яғни 91 %-ына конкурс өтті. 713 млн теңгенің техникасы жеткізілді.

Колледждерге ClAAS тракторлары, John Deere комбайндары, сондай-ақ қазір ауыл шаруашылығында қолданылатын басқа да заманауи техника алынды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеушілерді әзірлеу үшін дәнекерлеу қондырғысы бар оқу кабинеті алынды.

Сүт өндірісінің техник-технологтарын даярлау үшін май жасайтын оқу блоктары, сепараторы, ал етті бағыт бойынша білім алып жатқандарға ірі қара малдың модульді қасапханасы, стенд-планшеттер, т.б. қондырғылар жеткізілді.

Бұған қосымша жергілікті бюджеттен 179,5 млн теңге бөлінген. Оған қондырғыларды орнату, зертханаларды, оқу кабинеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


Соңғы жаңалықтар